Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Кітап – білім қазынасы

   Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Ол адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі.

   Бүгінгі жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбие беретін бірден-бір рухани қазына ордасы - мектеп кітапханасы. Мектеп кітапханасы – кітап арқылы оқушылардың жан-жақты білім алуымен қатар, патриоттық рухта тәрбиеленуіне, саяси сапасын қалыптастырып, ғылыми, кәсіби, мәдени дәрежесінің дамуына әсер ететін бірден - бір әлеуметтік орын.

   Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастамасымен өңірде облыстық мемлекеттік кітапхана оқырмандарының жеке кітап қорынан мектеп кітапханаларына кітап сыйлау науқаны жарияланған болатын.

  Нәтижесінде 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және автор құқығын қорғау күніне орай Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы«Кітап – білім қазынасы» тақырыбымен бір мезетте кітап сыйла акциясын өткізді.

   Осы орайда Жамбыл облыстық мемлекеттік кітапханалары Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырып отырған «Кітап – білім қазынасы» облыстық мемлекеттік кітапханалары бір мезетте оқырмандарының жеке кітап қорынан өңірдегі мектеп кітапханаларына кітап сыйлау акциясын өткізді.

   Акцияға облыстық кәсіподақ бірлестігінің төрағасы Бағлан Қарашолақов, жүздеген шәкірттерге сүйікті ұстаз болған ақын, бірнеше кітаптардың авторы Жеңіскүл Сейітқұлқызы, «Астана» көпсалалы колледжінің әдіскері Айша Ажиханова, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің әдіскері Әсел Данабаева, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушысы Құрманбек Оңалбеков, кітапхана оқырманы Әлібек Асқарұлы қатысып, жеке кітап қорындағы кітаптармен қатар авторлық кітаптарын да сыйға тартты.

   Іс-шарада Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Нұрманұлы акция қатысушыларына бірауыздан қолдағандары үшін алғыс айта отырып, өзінің жеке кітапханасынан да кітап сыйлайтындығын, сондай-ақ, осындай жастарға үлгі болар науқандарды көптеп өткізу керектігін тілге тиек етті.

   Кітап сыйлау акциясына Тараз қалалық №3 мектеп-лицейі, №23 орта мектеп, Ә.Молдағұлова атындағы №28 орта мектеп, №12 мектеп-гимназиясының кітапханашылары сыйға тартқан кітаптарды қабылдап, алғыстарын білдірді.

   Аудан кітапханалары ZOOM-платформасы арқылы байланысқа шығып, өз оқырмандарының акцияға белсене қатысқандарын жарыса айтып, осындай игі бастамалар тұрақты түрде ұйымдастырылып отырса деген ізгі тілектерін жеткізді.

   Акция нәтижесінде 40 мектеп кітапханасына 1025 кітап сыйланып, кітапсүйер оқырманға жол тартты.

Яндекс.Метрика