Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Қазақ халқының дәстүрлі әуенін рухани мұрасына айналдырған тарлан

    «Парасат жолы» жобасы аясында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен облыстық кино орталығы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп, музыкатанушы, композитор, дирижер, Қазақ КСР халық әртісі, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, профессор Ахмет Жұбановтың туғанына 115 жыл толуына орай «Қазақ халқының дәстүрлі әуенін рухани мұрасына айналдырған тарлан» атты ұлағат сағатын ұйымдастырды.

   Ұлағат сағатына «Жаңару» жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қозғалысының Жамбыл облысы бойынша жетекшісі, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Қасымхан Естемесұлы, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғарғы колледжі «Музыкалық білім беру» ПЦК-ның оқытушысы Жанар Мұратбекқызы, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғарғы колледжінің студенттері мен «Жамбыл дарын» орталығының оқушылары қатысты.

    Іс-шарада ұйымдастырушылар Ахмет Қуанұлының өмір жолы мен қазақтың ұлттық өнерін дамытуға қосқан үлесі туралы кеңінен баяндап, музыка өнеріндегі өзіндік рөлі туралы айтты.

     Ал қатысушылар композитордың халық арасында кеңінен танылған «Ақкөгершін», «Қарлығаш» әндерін шырқап, «Би күйі» атты күйін қасиетті қара домбырамен орындап берді.

     Қазақтың ұлттық  өнерінің өсуі мен өркендеуіне өшпейтін із қалдырған ғасырлар бойы атадан балаға таралып келген салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тіл мен мәдениетін жетік білген Ахмет Жұбановтың өлшеусіз еңбегін насихаттауға бағыттылған өнегелі іс-шараның жастарға берер тәрбиелік маңызы зор.

 

Яндекс.Метрика