Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Құттықтаймыз! Кітапхана үздіктер қатарында

   Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Үздіктер таңдауы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мәдениет мекемелері арасында ұмытылған салт-дәстүрлер мен ұлттық тағамдарды насихаттау бағытында ұйымдастырылған «Дәстүрім – қазынам» байқауында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері бақ сынасып, жүлделі ІІ орынды иеленді.

   Кітапхана қызметкерлері «Таныстыру», «Ас атасы – нан», «Кім жүйрік?», «Кім күшті?» деп аталатын 4 кезең бойынша бақ сынап, қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бойларына сіңіргендерін көрсете білді.

Яндекс.Метрика