Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Кітапхана – мәдениеттер мен өркениеттер жалғастығының негізі және бүгінгі күні қоғамның жаңа қалыпқа – «білім қоғамына» және оған сәйкес «білім экономикасына» өтуді қамтамасыз ететін алтын көпір.

   Бүгін Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл кітапханаларын жаңғырту, оларға келушілерді көптеп тарту мақсатында кітапханалардағы цифрландырылған ақпараттық орталықтардың жұмыстарын үйлестіру, кәсіби құндылықтарды ұдайы қайта бағдарлау, кітапхана ісіне жаңа тәжірибе жетістіктерін енгізу керектігін ескере отырып, жаңа жұмыс түрлерімен танысу, қызметтің жаңа әдіс-тәсілдері мен жаңа технологияларды енгізу жұмыстарын дәріптеу, кітапханашылардың кәсіби құзыреттілігі мен жаңашылдық белсенділіктерін жоғарылату, шалғай ауыл тұрғындарын жан-жақты ақпараттандыру қызметін жүйелендіріп ұйымдастыру тәсілдерін машықтау мақсатында ZOOM платформасы арқылы аудандық кітапханалар жүйелері қызметкерлерінің қатысуымен «Цифрлы Қазақстан: цифрлық коммуникациялар жүйесіндегі кітапхананың рөлі» тақырыбында аймақтық кластер ұйымдастырылды. Кластер барысында кітапханалардың физикалық кеңістігін өзгертудің қажеттілігі мен цифрлы коммуникациялар дәуіріндегі кітапхана имиджін көтеру мәселелері аясында Жамбыл, Сарысу, Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің директорлары өз тәжірибесімен бөлісіп, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері заманауи кітапхананың жаңа технологиялық мүмкіндіктері, кітапхана қызметін автоматтандыру процессіндегі WEB-RABIS қызметін тиімді үйлестіру тәсілдеріне арналған тренингті өз әріптестерінің назарына ұсынды.

   - Кластер спикері - Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы кітапхана - әлеуеттің мәдени, білім беру және ақпараттық орталығы, тұрғындарды оқуға тартудың бастапқы буыны екенін ескере келе, кітапхананы жергілікті әлеуеттің коммуникациялық байланыстарын жүзеге асыратын коммьюнити-орталығына айналдыру жұмыстарын жүйелі түрде үйлестіру керектігін атап кетті. 

 

Яндекс.Метрика