Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Елін қорғау – ерге серт

   «Парасат жолы» жобасы аясында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп, 7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай «Елін қорғау – ерге серт» библиосейшн ұйымдастырды.

   Библиосейшнге «Жаңару» жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қозғалысының Жамбыл облысы бойынша жетекшісі, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Қасымхан Естемесұлы, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Аманқұл Исаков, «Білім-Инновация» лицей-интернатының алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Нұрлан Сламбекұлы және аталған оқу орнының оқушылары қатысып, тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны туралы ойларын ортаға салды.

   Іс-шараға қатысқан Алтынай Бекмұрзаева, Ақниет Болатова, Ақерке Доланова, Аружан Кадилова, Әлия Жанабаевалар ел азаматтарына арналған өлең шумақтарын жатқа оқып, «Алға, қазақ жігіттері!», «Ақ көгершін», «Қазақстаным, алға!» әндерін шырқады.

   Ұйымдастырушылар парасаттылыққа бағытталған іс-шара өскелең ұрпақты әскери-патриоттық рухқа, отансүйгіштікке тәрбиелейді деген сенім білдірді.

Яндекс.Метрика