Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Кітап – сарқылмас қазына

   Кітап арқылы оқырмандардың жан-жақты білім алуымен қатар, патриоттық рухта тәрбиеленуіне, саяси санасын қалыптастырып, ғылыми, кәсіби, мәдени дәрежесінің дамуына әсер ету мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітап – сарқылмас қазына» кітапханаларға «Кітап сыйла» акциясы өтті.

   Акцияның шымылдығын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Жамаубайұлы ашып, құттықтау сөз сөйледі.

   Әрі қарай ҚР мәдениет қайраткері, мәдениет саласының ардагері, өлкетанушы Әлібек Әмзеұлы, көрнекті ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Зәйтенұлы, Жамбыл облысы мәслихатының хатшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР    Еңбек сіңірген қайраткері Махметқали Нұрғалиұлы, Жамбыл облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі, ардагер журналист, қаламгер, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, телевизия саласының ардагері, Қалыбек Жапарұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Білім беру ісінің және ҚР Мәдениет саласының үздігі Үміт Қыранқызы кітап қорына өздерінің арнайы акцияға деп алып келген кітаптарын кітапхана қорына тарту етті.

   Кітап оқу әр адам үшін қажет, кітап көбірек алғыр ойлауға баулып, албырт сезімді тежеуге, ішкі барлық ойлау және сезіну қабілетімізді қалыптастыратын сезім тәрізді ми гимнастикасы болып табылады.

   Ал, ұйымдастырушылар кітапхана қонақтарына алғыс білдіре отырып, сый тарту ретінде «Кітапхананың Құрметті оқырманы» лентасын табыстады. 

   Іс-шарада зиялы қауым өкілдері жастарды кітап оқуға шақыра отырып, аталған акцияның алдағы уақытта да жалғасын тапса деген ниеттерін білдірді.

Яндекс.Метрика