Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасының Тәуелсізідігінің 30 жылдығы және «Өлкелік туризм – кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» жобасы аясында Тараз қаласында еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқына деген алғысының символикалық белгісі ретінде «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің алаңында «Сөзден күмбез тұрғызған Тараздың тарлан тұлғалары» әдеби күмбез кешін ұйымдастырды.
Әдеби күмбез кешінде Жамбыл өңірінен түлеп ұшқан талант иелері композитор, жазушы, публицист, музыкатанушы Ілия Жақановтың әсем әндері шырқалып, ақын Айша Көпжасарова, Күләш Ахметова, Серік Томановтың жүректен шыққан жыр жолдары жатқа оқылды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, қала тұрғындарына таныстырылды.