Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Ұлылар үндестігі: Науаи мен Абай

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 10 тамыз – Абай күні қарсаңында кітапхананың әлеуметтік желі парақшаларында «Ұлылар үндестігі: Науаи мен Абай» онлайн кездесу ұйымдастырды.
Онлайн кездесуге М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, ф.ғ.к. Әлем халықтары Жазушылар Одағының мүшесі Сейсегүл Молдабекқызы, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Үздік педагог-2012» иегері Базарбай Рысбайұлы және Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясының директоры Мұхит Жанұзақұлы қатысып, өз заманының рухани кемелденуіне негіз болған түркі жұртының текті перзенттері, әлемге әйгілі шайыр, өзбек халқының сүйікті перзенті, ғұлама ойшыл Әлішер Науаи мен барша адамзатқа ортақ ғұлама, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасындағы сабақтастық тақырыбына кеңінен тоқталды.
    Нақышты қолтаңбасымен ерекшеленген ғұлама ойшыл Әлішер Науаи шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау, халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы Абай Құнанбайұлының мұрасын бүгінгі ұрпаққа жеткізу, қызығушылығын арттыру, оқып–білуге, тани түсуге ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған онлайн кездесуде ұлы тұлғалар туралы тың деректер айтылып, арнайы жасақталған кітап көрмесі таныстырылды.


 

Яндекс.Метрика