Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Өзге этнос өкілдері арасында поэзия минуты ұйымдастырылды

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы өңірдегі интеркультурализм қағидаттарын ілгерілету, оның принциптерін насихаттау мақсатында өзге этнос өкілдерінің арасында Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абай – дана, Абай – дара қазақта» поэзия минутын ұйымдастырды.

    Поэзия минутына орыс, өзбек, түрік, түрікмен, әзірбайжан, ұйғыр ұлттарының өкілдері қатысып, ұлы ақынның шығармаларын өз ана тілдерінде жатқа оқыды.

    Іс-шараға қатысқан облыстық «Jambyl tv» телеарнасының қызметкері, Өскеменде өткен Абайдың 175  жылдық  мерейтойына орай ұйымдастырылған этнос жастары арасындағы «Абай оқулары» республикалық байқаудың 1 орын иегері  Мухаббат Бахытқызы жастардың ұлттық поэзияны құрметтеуі, оның ішінде Абай шығармашылығына деген қызығушылықтары мені таңырқатып отыр деді. 

    Айта кету керек, поэзия минутына қатысушылардың арасында көптеген байқауда бақ сынап, қазақ тілінің мәртебесін биіктетіп жүрген жастар да бар.

Яндекс.Метрика