Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Діни экстремизм – ғасыр індеті

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жастарды діни сауаттандырып, оларды патриоттыққа тәрбиелеу, дәстүрлі емес ағымдардан сақтандыру мақсатында Жамбыл облысы орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің тікелей қатысуымен «Діни экстремизм – ғасыр індеті»  тақырыбында онлайн сұқбат ұйымдастырды.

    Іс-шараға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрәлі Бақытұлы, азаншы Жалғас Жұбатқанов, мешіттің ұстазы Нұрлан Мұрат, әйелдер  ұстазы Гүлжан Серікқызы, облыстық «Әжелер алқасының» төрайымы Жәмила Жұмабаева, «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» діни экстремизмге қарсы насихат бөлімінің инспекторы Рәпілбекова Ақмарал Берікқызы және ақпараттық-түсіндіру бөлімінің инспекторы Қамбарова Майя Қанатқызы, М.Х.Дулати Тараз өңірлік университеті, «Дінтану» орталығының бас маманы Алпысбаев Бақтияр Қаржаубайұлы, Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының тарих, дінтану пәнінің мұғалімі Манасова Кенжекүл Қойшықызы,  С.Нұрмағанбетов атындағы №10 мектептің тарих, дінтану пәнінің мұғалімі Гүлзағира Амиралиева, дінтанушы мамандар мен медресе білімгерлері қатысты.

    Онлайн сұқбат барысында Бейбіт Әліпбекұлы жастардың жат ағым жетегінде кетуінің себебі, дін саласындағы бірқатар өзекті мәселелер, қайырымдылық акциялары, рухани тәрбиенің негіздері, жаңартылған діни бағдарламалар туралы ақпарат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

    Сұқбат соңында Бейбіт Әліпбекұлы «Мuftiyat» баспасынан жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын кітапхана қорына тарту етті.

Яндекс.Метрика