Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы ұйымдастырылды

    Кітап арқылы оқырмандардың жан-жақты білім алуымен қатар, патриоттық рухта тәрбиеленуіне, саяси сапасын қалыптастырып, ғылыми, кәсіби, мәдени дәрежесінің дамуына әсер ету мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Кітапханаға кітап сыйла"» акциясын ұйымдастырды.

    Акцияға «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Мәди Мәтен, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған «Аналар» алқасының төрайымы, «Қыздар тәрбиесі» оқу құралының авторы Сарыбекова Жанат Туленовна, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақпарат саласының үздігі, журналист, өлкетанушы, Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану орталығының» аға ғылыми қызметкері, 5 кітаптың авторы, 19 кітаптың құрастырушысы Әбдиев Ерман Қанжанұлы, жеке кітапханасында 800-ден астам кітабы бар, 5 оқу құралының авторы, әдебиет зерттеушісі, Жамбыл ауданы, А.Макаренко атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салтанат Жұмабекқызы қатысып, кітапхананың алтын қорына өздерінің жеке мұрағаттарындағы кітаптарын сыйға тартты.

    Сондай-ақ, акцияға қатысушылар отбасы құндылықтары, тәрбиенің қоғамдағы рөлі, ұлы тұлғалардың пайымды пікірлерін ортаға сала отырып, Расул Ғамзатовтың «Өзіңді-өзің тану үшін кітап керек. Өзгені тану үшін де, кітап керек», деген керемет пікірін  негізге ала отырып, жастарды кітап оқуға шақырды.

    Ұйымдастырушылар акция қатысушыларына ізгі-тілектерін жеткізіп, сый тарту ретінде «Кітапхананың Құрметті оқырманы» лентасын табыстады. 

    Айта кету керек, «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы бойынша игі бастама жыл соңына дейін жалғасын табады.

Яндекс.Метрика