Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Тақ Тараз. Жаһандағы жалғыз Тараз...

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы талантты жастардың қатысуымен Тараз қаласы күніне орай «Тақ Тараз. Жаһандағы жалғыз Тараз...» тақырыбында әдеби буриме ұйымдастырды.

   Іс-шараға қала тұрғындары, кітапхананың тұрақты оқырмандары, белсенді жастар, Халықаралық Тараз Инновациялық институты мен «ALEM» кәсіби білім беру колледжінің студенттері қатысты.

   Әдеби бурименің салтанатты ашылуы мың бұрала билеген бишілердің «Шашу» биімен басталып, Құрманғазының «Көңілашар» күйімен жалғасын тапты. Одан әрі «Таразым», «Мереке», «Әсем ән», «Жаса Қазақстан!» әндері шырқалып, «Әдеби композиция» бөлімінде кітапхананың белсенді оқырмандары жергілікті ақындардың өлеңдерін жатқа оқыды.

   Кеш соңында «Тараз - Ұлы Жібек жолының інжу-маржаны» кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылып, қала тарихынан сыр шертетін шығармалар таныстырылды.

 

Яндекс.Метрика