Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Мұқағали мұралары насихатталды

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Хан Тәңірінің мұзбалағы - Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Өмірдастан» ретро әндер кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театры әртістері, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония әншілері, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің өнерпаздары қатысты.

   Ретро әндер кешінде ақынның өмірі мен шығармалар желісінен құралған театрландырылған қойылымдар қойылып, ақын қаламынан туындаған төл шығармалар жатқа оқылды.

   Сондай-ақ, ақын жайындағы ойлы пікірлер бейне экран арқылы көрсетіліп, халық арасында танылған әндері шырқалды.

   Одан әрі ақын шығармалары жинақталған кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.

Яндекс.Метрика