Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Ел бірлігі – тәуелсіздік тірегі

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Ең үздік ауыл кітапханасы» облыстық байқауы Қазақ халқының азаттық жолындағы ұлы жеңісі – «Аңырақай шайқасы» өткен киелі Қордай өңіріне бағыт алды.

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығына орай халқымыздың тарихын  қадірлеуге тәрбиелеу, патриотизмді  қалыптастыру, жастардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату мақсатында Қордай аудандық  орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Степное ауылдық кітапханасы «Ел бірлігі – тәуелсіздік тірегі» мерекелік кешін ұйымдастырды.

    Іс-шарада «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында  «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» барысында іріктелініп алынған жазушы Мадина Омарованың «Көмбе нанның дәмі» шығармасына арналған драмалық қойылым көпшілік назарына ұсынылды.

    Қойылымда тарихи жағдайлардың салдарынан Қазақстанға жер аударылған ұлт өкілдерінің тағдыры, соғыс жылдары тылда қалған халықтың басына туған нәубет халі, күштінің әлсізге көрсеткен өктемдігі, қарапайым ауыл адамдарының тіршілігі баяндалатын көрініс сипат алды.

Яндекс.Метрика