Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

30 жыл – 30 белес

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастарған «Ең үздік ауылдық кітапхана» облыстық байқауы Мерейлі Меркі жерінде жалғасын тапты.

    Меркі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Гранитогорск ауылдық кітапханасы «30 жыл – 30 белес» тарихи хронограф кешін ұйымдастырды.

    Іс-шараға Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Абдинова, аудан әкімінің орынбасары Берік Бегалиев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Ринат Жантаев, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Амангелді Нәметқұлов, ақын, Қазақстан          Жазушылар Одағының мүшесі Шырын Мамсерікова, «Меркі тынысы» газетінің бас редакторы Әтіркүл Исаева, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Жансұлтан Жамалбеков қатысты.

    Тарихи хронограф кешінде ұйымдастырушылар көк туымызды желбіреткен тәуелсіздік тарихының беттеріне шолу жасап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауын талқылады.

    Одан әрі Тәуелсіздікке арналған жыр-шумақтар оқылып, «Заман-ай» әні шырқалды. Ақын Шырын Мамасерікованың қаламынан туған «Тәуелсіздік-байлығым» атты жыр шумағы көпшілік назарына ұсынылды.

 

Яндекс.Метрика