Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Ауылының атын аспандатқан рухани байлық иесі

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Ең үздік ауылдық кітапхана» облыстық байқауы өн бойы аңыз-сырларға толы қасиетті де киелі мекен Байзақ өңіріне табан тіреді.

   Байзақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Ынтымақ ауылдық кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығына орай «Ауылының атын аспандатқан рухани байлық иесі» оқырман бенефисін ұйымдастырды.

   Оқырман бенефисіне Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Елеусізқызы, Ынтымақ ауылдық кітапханасының белсенді оқырманы, елдің рухани, қоғамдық, мәдени өмірінің өркендеуіне, жастар тәрбиесіне бір кісідей атсалысып жүрген, өткір жырларымен танылған қаламгер, ауылдық билер алқасының төрағасы, Еңбек ардагері,  жергілікті ақын, жазушы Асан Әлмақашұлы, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Болат Шоқайбаев қатысты.

   Іс-шарада оқырмандарға «Жыр – жылуы жүректің», «Ырысты мекен - Ынтымақ», «Мәдімар болыс», «Өнегелі өмір», «Перзент»,  «Қолтаңба» атты кітаптары арқылы танылған Асан Әлмақашұлының өмір жолы мен шығармашылығы жайында сыр-сұхбат ұйымдастырылды.

   Мың бұралған бишілердің өнерімен жалғасқан іс-шара Құлпынай Жабаеваның орындауындағы Мәдімар ауылының әнұранымен аяқталды.

Яндекс.Метрика