Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Жұлдызы нұрлы суреткер

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Ең үздік ауылдық кітапхана» облыстық байқауы Ұлы Жібек жолының алтын арқауында жатқан Жуалы жерінде жалғасты.

    Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Күреңбел ауылдық кітапханасы Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, жерлесіміз Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығына арналған «Жұлдызы нұрлы суреткер» әдеби  алаңын ұйымдастырды.

    Әдеби алаңда алғашқы сөз алған Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Елеусізқызы байқауға қатысушыларға сәттілік тілеп, ізгі тілегін жеткізді.

    Одан әрі Шерхан Мұртазаның көзін көрген келіні Камила Халыққызы жазушының жақсы қасиеттері туралы әңгімелеп берді. «41-жылғы келіншек» әңгімесінен көрініс көрсетіліп, «Бір кем дүние» ойтолғауы, «Ай мен Айша» романы, «Соғыстың соңғы жесірі» әңгімесінен үзінділер оқылды.

    Сонымен қатар, кітапханашылар Темірхан Медетбектің «Қазақтың айналған ғой намысына!», Шырын Мамасерікованың «Шерхан Мұртазаға», Ғайсағали Сейтақтың «Күркіреп айтар шындықты», Әлібек Шегебайдың «Шерхан – шер» ақынға арналған арнау өлеңдерін оқып, «Мәңгілік мұраның рухани жанашыры» кітап көрмесімен таныстырды.

    Әдеби алаңда шырқалған «Туған өлке», «Ару ана», «Атамекен» әндері көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Яндекс.Метрика