Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Өткені – өнеге, бүгіні-бекем, болашағы жарқын Жамбыл өңірі

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Елеусізқызы және кітапхана қызметкерлері 2021 жылдың 21-22 қазан күндері Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының құрылғанына 150 жыл толуына орай Орал қаласында ұйымдастырылған «Тәуелсіз Қазақстан: әлеуметтік және мәдени кеңістіктегі кітапханалардың орны» атты халықаралық конференцияға қатысуда.

   Халықаралық конференцияға қатысушыларға Жамбыл облысының 80 жылдығына орай жарық көрген «Тараз мұралары» көптомдық жинағының 110 томынан құрылған «Өткені – өнеге, бүгіні-бекем, болашағы жарқын Жамбыл өңірі» кітап экспозициясы таныстырылды.

   Экспозициямен Батыс Қазақстан облысының әкімі Есқалиев Ғали Нәжімеденұлы жете танысып, үлкен қызығушылық білдірді.

Яндекс.Метрика