Жамбыл облысының Түркістандағы күндері аясында Түркістан қаласындағы "Этноауыл" алаңында ұйымдастырылған «Өткені – өнеге, бүгіні – бекем, болашағы – жарқын Жамбыл өңірі» кітап экспозициясы жалғасуда. Ауыл ақсақалдары мен жастары өңір тарихынан сыр шертетін "Тараз мұралары" көптомдық жинағы қызығушылық танытып, өзара пікір алмасты.
Киелі Түркістан өңірінің тұрғындары "Өткені - өнеге, бүгіні - бекем, болашағы жарқын Жамбыл өңірі" кітап экспозициясына қызығушылық білдірді. Жыр алыбы Жамбылдың шығармашылығынан бастау алған кітап көрмесінде өңірімізге белгілі ақын-жазушылар кітаптарының да макеттері таныстырылды.