Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Ауыл деген тал бесігің, тамырың...

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Өлкелік туризм – кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» жобасы аясында жергілікті ақын-жазушылар мен өнер майталмандарының шығармашылығын өңір тұрғындарына паш ету, жас оқырмандар арасында кеңінен насихаттау мақсатында шежіреге тұнып тұрған киелі құт мекен, Құлан өңірінің жұртшылығына «Ауыл деген тал бесігің, тамырың...» әдеби керуен кешін тарту етті.

   Әдеби керуенге Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Шырын Мамасерікова, танымал сазгер Дүйсеналы Дыбысалыұлы Бықыбаев, Қазақстан Жазушылар Одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры, «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі, ақын, журналист Хамит Ерболатұлы Есаман, Жамбыл өңірін әсем әнмен тербеген сазгер Мэлс Өзбековтің ағасы Тәліпбек Ұшақбаев, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Қуандық Шолақтың немересі, Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі Ерсайын Қуандық қатысты.

   Одан әрі ұйымдастырушылар өнерімен өрге жүзіп, қасиетті Құлан жерінен шыққан таланттардың «Келші Құланға», «Қазақстаным алға», «Сұлутөр аруы», «Тобылғы сай», «Келші, Айым», «Біз екеуміз», «Тағы да келді бір көктем», «Қаздар ұшып барады қарашада» т.б. әсем әндерін шырқап, ақындардың жауһар шырларынан шашу шашты.

   Ауданнан шыққан өнерпаздардың шығармашылығына арналған әдеби керуен өңір жұртшылығына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Яндекс.Метрика