Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Үздік ауылдық кітапхана - 2021» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырған «Үздік ауылдық кітапхана - 2021» облыстық байқауы өз мәресіне жетті.

   Байқау ережесіне сәйкес өңіріміздің 10 ауданы өз аймағындағы ең үздік деп танылған ауылдық кітапханаларын облыстық кезеңге ұсынып, осы ұсынылған ауылдық кітапханаларды әділқазылар алқасының мүшелері аралап, ішкі жұмыстары, атқарып жатқан қызметтерін жан-жақты зерделеп, көрсетілім іс-шараларын бағалаған болатын.

   Нәтижесінде Жуалы ауданы,  Күреңбел ауылдық кітапханасы «Үздік ауылдық кітапхана - 2021» облыстық байқауының жеңімпазы атанды.

   Ал, жүлделі  І орынды  Шу ауданы,  Мойынқұм ауылдық кітапханасы мен Жамбыл ауданы,  Бектөбе ауылдық кітапханалары иеленсе, Талас ауданы, Майтөбе ауылдық кітапханасы мен Т.Рысқұлов ауданы,  Жаңатұрмыс ауылдық кітапханалары ІІ орынды жеңіп алды. ІІІ орын Қордай ауданы, Степное ауылдық кітапханасы,   Мойынқұм ауданы, Хантау ауылдық кітапханасы мен Сарысу ауданы, Өндіріс ауылдық кітапханаларына бұйырды.

   Одан әрі байқауға қатысып, белсенділік танытқан Меркі ауданы, Гранитогор ауылдық кітапханасы мен Байзақ ауданы, Ынтымақ ауылдық кітапханалары ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

   Байқауға қатысушы ауылдық кітапханалардың барлығына арнайы грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

Яндекс.Метрика