Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Жазушымен бір күні» облыстық акциясы бастау алды

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Әулиеата өңірінде дүниеге келген  жазушылардың шығармаларын өнеге ету, өмір жолдарын келешек ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында еліміздің руханиятын дамытуға сүбелі үлес қосып келе жатқан жазушы, драматург, публицист Елен Әлімжанның қатысуымен облыстық кітап пен оқуды қолдап, ілгерлетуге бағытталған «Жазушымен бір күн» желілік акциясын ұйымдастырды.

   Үздік қазақстандық және өлкелік шағармаларды өңір тұрғындарына арасында кеңінен таныту, кітап оқуды ілгерлету, жергілікті ақын-жазушылар шығармашылығы мен олардың туындыларын жастар мен қалың жұртшылығы арасында насихаттау, тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды сақтау, кітапхана имиджін жоғарлату, оқу мәдениетін қалыптастыру, дамыту және қолдау мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада жазушы өзінің балалық шағымен, еңбек жолымен шығармашылық ізденістерімен, алдағы жоспарларымен бөлісіп, шығармаларының оқиғалық желісімен, кейіпкерлерімен, құрылымдық жұмыстарымен таныстырады.

   Іс-шараға жергілікті зиялы қауым өкілдері,  жазушының қаламдас әріптестері мен шәкірттері ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Шырын Мамасерікова, жоғары санатты хирург және денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сағындық Ордабеков, филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сәмен Құлбарақ, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Темірбай Мұқашев, ақпарат саласының майталманы, қаламы жүйрік журналист, облыстық «AQJOL» газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт, А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облстық қазақ драма театрының директоры, ҚР мәдениет саласының үздегі, актер, сазгер Мәлік Ақүрпеков, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының магистрі Әлімбай Найзабаев, сазгер Ғалия Сейтқалиқызы, айтыскер ақын, журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Есет Досалы шақырылып, қазақ қоғамының қазіргі келбетін көркем әдебиетте өрнектеген қаламгер туралы әсерлі әңгімелер мен қызықты естеліктерімен бөлісті.

   Әрі қарай кеш қонақтары жазушының сазгерлік, журналистік, зерттеушілік қырлары жайына тоқталып,  айтыс өнерінің жанашыры ретінде танылған қабілеттері туралы сөз қозғады.

   Сонымен қатар іс-шара барысында Елен Әлімжанның әні мен сөзіне жазылған «Жарыма» әнін К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Гүлшат Тінәсілова нақышына келтіре шырқаса, кітапхана қызметкері Алтынай Абдраимова «Қазақтың дәстүрлері-ай» әнін тарту етті.

    Ән мен жырға, дәстүр мен сырға толы кештің құрметті қонағы жазушы, драматург, публицист Елен Әлімжан өзінің алға қойған жоспарларымен бөлісе отырып, игі іс-шараны жүзеге асырған кітапхана ұжымына  алғысын білдірді.

Яндекс.Метрика