Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Шеберлік сынып кітапханашылар үшін.

   Бүгін Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхана қызметкерінің арнайы деректер базасын жүргізу негізінде кітапхана қорының есебі мен іріктеу қызметінің тиімділігін арттыру, әдебиеттер мен ресурстар есебінің қозғалысы, іріктеу және кітап қорын ұйымдастыру, оқырмандарға қызмет көрсету және " WEB-RABIS" бағдарламасы бойынша басқа да ақпараттық-аналитикалық қызметтерді ұсыну үрдістерін машықтандыру мақсатында аудандық кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімдері мен библиограф мамандары үшін "Web-Рабис" бағдарламасының "Кітап қорын толықтыру" модулі" шеберлік сыныбы өтті.

   Шеберлік сыныбы барысында ҚР Ұлттық кітапханасы ақпараттық - библиографиялық бөлімінің қызметкерлері ZOOM арқылы сабақтар жүргізіп, өзара тәжірибе алмасты. Сондай-ақ шеберлік сыныбына қатысушы аудандық кітапхана қызметкерлері Тараз қаласының аймағында орналасқан киелі жерлерге экскурсия жасады.

Яндекс.Метрика