Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Өмірі өнері респект кездесу кеші

   Ш.Уәлиханов атындағы жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының әртісі Мәкен Рақымжанованың 70 жас мерейтойына орай «Өмірі өнері» атты респект кездесу кеші өтті.

   Өмірі өнері респект кездесу кеші Рақымжанованың шығармашылығына арналған кештің шымылдығы кітапхана қызметкері Алтынай Абраимованың орындауындағы әсем әнмен ашылып, талантты актриса өмірі мен өнері жайында сыр шертті. Қос ғұмырды қатар ұстаған ішкі жан дүниесі нәзік, өзгеше қабілетті ешкімге ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі мен шеберлігі арқылы өнерін жаңа деңгейге көтерген жан Мәкен Рақымжанқызы өзінің жеткен жетістігі жайында сөз қозғап, тәтті естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, өнер иесінің ізбасарлары Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының бір топ әртістері «Қуанышым менің», «Көзімнің қарасы» әндерін хормен орындады. Өнер атты құдіреті зор, ғажайып әлемнің бір тармағы - сахна деген киелі мекенде өнер көрсетіп, пешенесіне бақытты ғұмыр кешу нәсібі бұйырған Мәкен Рақымжанқызы театрдың ерекше сезімдерімен бөлісіп, қонақкәдеге «Ана» монологынан үзінді орындап берді.  

   Осылайша кездесу кеші барысында кейіпкер өнер жолындағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, театрдың құдіретті күші хақында сыр шертті.  Кешке арнайы қатысқан Абай атындағы Жамбыл гумантиралық жоғарғы колледжінің «Өнер» факультетінің білімгерлері  көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, жылы лебіздерін де білдірді.

   Кеш соңы кітапхана қызметкерінің орындауындағы «Қазақ қызы» әнімен қорытындыланды.

 

Яндекс.Метрика