Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Мерейлі өлке-Мойынқұм» атты әдеби - композициялық кеші

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері «Өлкелік туризм – кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» жобасы аясында жергілікті ақын-жазушылар мен өнер майталмандарының шығармашылығын өңір тұрғындарына паш ету, жас оқырмандар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Шу ауданындағы Мойынқұм ауданының күндері аясында өткен кең-байтақ қазақ жерінің бір бөлігі, жері дархан Мойынқұм ауданының тарихына арналған «Мерейлі өлке-Мойынқұм» атты әдеби - композициялық кешіне арнайы қатысты.
   Аталмыш жоба аясында Шу өңіріне табан тіреген кітапхана қызметкерлері ең алдымен аудан орталығының бет бейнесіне айналып, ел арасында «Қарлығаш би» атанған Төле би бабаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, Шу қаласының символы "Паровоз" мимеролдық кешенімен және аудандық мұражайымен таныс болды. Сонымен қатар, Шу аудандық мәдениет үйінің фойесінде ұйымдастырылған "Мерейлі өлке-Мойынқұм" атты кітап көрмесімен танысып, 2 мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай жарық көрген "Жаз ата" кітабының тұсаукесер рәсімінің куәсі болды. Кеш шежіре тұнған киелі құт мекен Мойынқұм ауданының кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен концерттік бағдарламаға жалғасты.

Яндекс.Метрика