Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

     Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында поэзия жанырына жаңадан қадам басқан ақын, Республикалық байқаулардың жеңімпазы, аяулы ұстаз Нақысбекова Сәуле Шәмшіғалиқызының «Саған» кітабының тұсаукесері өтті.

   Тұсаукесер рәсіміне ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Баймаханбет Ахмет, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Сейсекүл Исматова, ҚР журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Ғайни Әлімбекқызы, ҚР журналистер одағының мүшесі, «Педагог тәлімі» облыстық журналының редакторы Есмаханова Гүлнәр Жанкенқызы бастаған әріптестері, Тараз қаласының орта мектеп мұғалімдері қатысып, жазушыға деген жылы лебіздерін білдірді.

   Айта кету керек, «Саған» жыр жинағы сезім мен нәзік лирикаға толы, махаббат тақырыбына негізделген. Кітаптың салтанатты лентасын Сейсекүл Молдабекқызы мен Ғайни Әлімбекқызы, Баймаханбет Ахмет және Гүлнәр Жанкенқызы қиып, ақынға құтты болсын айтып, жазарыңыз таусылмасын деген тілектерін жеткізді.

   Әдемі естеліктер, керемет пікірлерге толы игі іс-шара Ш.Уәлиханов атындағы Жамбл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы Абдраимова Алтынайдың орындауындағы «Қазақ қызы» әнімен аяқталды.

 

Яндекс.Метрика