Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Кітап – рухани байлық, жан азығы

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай «Grand Bazar» сауда орталығында «Кітап – рухани байлық, жан азығы» атты промо-акциясын ұйымдастырды.   

   Промо-акция аясында кітапхана ұжымы қала тұрғындарына арнап 2022 жылғы арналған мерейтой иелерінің еңбектері мен шығармаларынан құралған кітап көрмесін ұсынып,  Әулиеата өңірінде дүниеге келген ақын-жазушылар мен композиторлардың  шығармаларынан топтастырылған «Өткені – өнеге, бүгіні – бекем,болашағы жарқын Жамбыл өңірі» атты кітап көрмесін таныстырды. 

   Іс-шарада кітапхана қызметкерлері «өлең» өлкесінде өрнекті ізін салып, рухы мен сезімін, мұңы мен шерін өлеңге арнаған, оқырманның талғам-таразысынан өтіп, кестелі жырдың керім әуенін тыңдатқан ақындардың өлеңдерінен құралған әдеби композиясы оқып, қазақ өнері мен әдебиетіне үлес қосқан сазгерлердің сазды әуендерін әуелете жөнелді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының Тараз қаласындағы №5513 әскери бөлімнің сарбаздарының бірі  Хан Тәңірінің мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың «Пай, пай, өмір» өлеңін оқыса, енді бірі «Мен деп ойла» әнін шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Яндекс.Метрика