Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Достықтың тұғыры бейбітшілікте

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күніне орай  «Достықтың тұғыры бейбітшілікте!» атты әдеби променад ұйымдастырды.

   Әдеби променадқа «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтары мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері қатысып, патриоттық тақырыптағы «Қазақстан, алға!», «Самға», «Туған жер», «Желдірме» әндерін шырқап, қазақ, тәжік ұлтының ұлттық билерін орындады.

   Қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеру үшін ұймдастырылған іс-шарада тақырыпқа байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды. 

   Іс-шара соңында композитор Ахмет Жұбановтың бірлік пен татулыққа негізделген «Ақ көгершін» әні шырқалып, бейбітшіліктің символы саналатын көгершіндер мен татулық, бірлік, ынтымақ, т.б. жазулары бар әуе шарлары  көкке ұшырылды.

Яндекс.Метрика