Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Ұлт батырлары» кітабы оқырмандарға жол тартты

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу, оқырмандардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу, ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға, ұрпақаралық байланыс еш үзілмей, ұрпақтар үндестігінің нығая беруіне атсалысу мақсатында Ұлы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналған Жеңіске жету жолында асқан ерлік пен әскери жанқиярлық көрсетіп, қан майданның қаһарынан ықпай, намысты ту еткен батырларымыздың ерлігін насихаттау мақсатында «Әлі есімде, біледі жұрт, біледі...» тарихи хронограф және Қазақстан Жазушылары Одағының мүшесі, Сарысу ауданының Құрметті азаматы, «Дарабоз» сыйлығының екі дүркін иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Пернебай Дүйсенбиннің «Ұлт батырлары» кітабының тұсаукесер рәсімін ұйымдастырды.

   Іс-шараға  Сарысу ауданының әкімі  Марат Сұлтанғалиев, Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімнің басшысы Бекнұр Сатыбалдиев, жазушы, драматург, публицист Елен Әлімжан, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі» белгісі мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, бірнеше республикалық, облыстық ақындар айтысының жүлдегері Шырын Мамасерікова, жоғары санатты хирург және денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сағындық Ордабеков, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, ақын, жазушы, журналист Баймаханбет Ахмет, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, ақын, сазгер Үміт Битенова, ақын, журналист, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ғайни Әлімбекқызы, Қазақстан Жазушылар мен Журналистер Одағының мүшесі, журналист, қаламгер, сатира саңлағы Бақытжан Советұлы, белгілі журналист, облыстық «AQJOL» газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық «AQJOL» газетінің бөлім редакторлары Амангелді Әбіл, айтыскер ақын, журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Есет Досалы, Қазақстан Жазушылар Одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры, «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі, ақын, журналист Хамит Есаман және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері мен курсанттары, кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.

   Тарихи хронографта сол сұрапыл соғыстан оралмаған Қазақстан батырлары, Кеңес Одағының батырлары, сол соғыс жолынан өткен майдангер жазушылар мен ақындар Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Қасым Қайсенов, Баубек Бұлқышов, Сырбай Мәуленов, Қасым Аманжолов, т.б. туралы деректер айтылды.

   Кештің шарықтау шегі жазушы Пернебай Дүйсенбиннің сұрапыл соғыстағы батырлардың ерліктеріне арналған «Ұлт батырлары» атты кітабының тұсаукесер рәсімімен аяқталды.

 

Яндекс.Метрика