Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Тәуелсіздік тартулары» атты кітабының тұсауы кесілді

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі» белгісі мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, бірнеше республикалық, облыстық ақындар айтысының жүлдегері Шырын Мамасерікованың «Тәуелсіздік тартулары» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

   Іс-шараға Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шәріп Дәулетбаев,  ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Айша Көпжасарова, жазушы, драматург, публицист Елен Әлімжан, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Сарысу ауданының Құрметті азаматы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Пернебай Дүйсенбин, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ақын Қайырбек Асанов, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Тараз қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлы, «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, сазгер Дүйсенәлі Бықыбаев, ақын, журналист, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ғайни Әлімбекқызы, ақынның құрбысы Ермекгүл Олжабаева, сіңілісі, еңбек ардагері, Тараз қаласының Құрметті азаматы Күләш Айтбайқызы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, белгілі режиссер  Ботагөз Исмаил, айтыскер ақын, журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Есет Досалы, қатысып, ақынға деген ақжарма тілектерін білдірді.

   «Тәуелсіздік тартулары» кітабының лентасын кесумен басталған іс-шарада кітапханашылар ақынның үзеңгілес құрбылары, қазақтың аяулы ақын қыздары Күләш Ахметова мен Айша Көпжасарованың арнау жырларын нақышына келтіре оқып, Шырын Мамасерікованың сөзіне жазылған әсем әндерді тарту етті.

   Сонымен қатар «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы  Светлана Кеңесқызының бейнесәлемдемесі Шырын Мамасерікова үшін күтпеген тосынсыйлардың бірі болды.

   Замана үнін, ұлтының мүддесін өлең жолдарымен өрнектеп келе жатқан қазақтың аяулы ақын қызы Шырын Мамасерікова ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, қонақтардың әрқайсысына арналған арнау өлеңін оқып берді.

Яндекс.Метрика