Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Тәтті ертегі», «Әппақ шар туралы әуезе», «Елгезек бағдаршам, ток-қуат және басқалар» «Күнге ғашық өлкеде», «Бірлікті іздеген бала» атты кітаптар оқырманға жол тартты.

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық  әмбебап ғылыми кітапханасы Тараз қалалық кітапханалар жүйесімен бірлесіп, Әулиеата өңірінде дүниеге келген  жазушылардың шығармаларын өнеге ету, өмір жолдарын келешек ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында еліміздің руханиятын дамытуға сүбелі үлес қосып келе жатқан халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Тараз қаласының Құрметті азаматы, талантты балалар жазушысы, қаламы қарымды журналист Көсемәлі Сәттібайұлының  «Балалар жылы» аясында жарыққа шыққан

  «Тәтті ертегі», «Әппақ шар туралы әуезе», «Елгезек бағдаршам, ток-қуат және басқалар» «Күнге ғашық өлкеде», «Бірлікті іздеген бала» жаңа кітаптарының тұсаукесер рәсімі ұйымдастырды.

  Іс-шараға Қазақстан Жазушылар мен Журналистер одақтарының мүшесі Бақытжан Әлімқұлов, белгілі журналист,  «ARAI» газетінің "Мәдениет және әлеумет" бөлімінің редакторы Нұржан Қадірәлі, облыстық «AQJOL» газетінің аға тілшісі Марат Құлыбаев, облыстық «Знамя труда» газетінін шолушысы, «Тараз Times» газеті және порталының бас редакторы Нуралиев Жарылқасын  және  Тараз қаласындағы №№10,35 орта мектеп оқушылары  қатысты.

 Тұсаукесер барысында Көсемәлі Сәттібайұлының кітаптарына кітапханашылар шолу жасап, Тараз қаласы мен Талас ауданы кітапханалар жүйелерінің жас оқырмандары «Елгезек бағдаршам, Тоқ Қуат және басқалар» ертегі хикаятынан көрініс көрсетіп, «АУСАР-АЛМАС ДЕГЕН КІМ?» әңгімесінен үзінді оқыды. 

   Кештің шарықтау шегі  жазушының  «Балалар жылы» аясында жарыққа шыққан  «Тәтті ертегі», «Әппақ шар туралы әуезе», «Елгезек бағдаршам, ток-қуат және басқалар» «Күнге ғашық өлкеде», «Бірлікті іздеген бала»  атты кітабының тұсаукесер рәсімімен аяқталды.

Яндекс.Метрика