Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Алаштың бір азаматы-Арғынбай» атты еске алу кеші

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Әулиеата өңірінде дүниеге келген жазушылардың шығармаларын өнеге ету, өмір жолдарын келешек ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында «Жазушымен бір күн» акциясы аясында белгілі жазушы-журналист, елімізге танымал қоғам қайраткері Арғынбай Бекбосынның 85 жылдығына орай «Алаштың бір азаматы-Арғынбай» атты еске алу кешін өткізді.

   Арғынбай Бекбосын ел тәуелсіздігі жылдарында сан түрлі қыр-сырымен таныла түсіп, қазақстандық журналистиканың тарлан боз тұлғасы деңгейіне көтерілді. Сонымен бірге отыз жылға жуық Шығыс жұлдыздарының бірі - ұлы Омар Хаямнан бастау алатын рубаят түріндегі өлеңдерінің қазақ руханиятына орнығуына күш салған қаламгердің «Мың түрлі ой», «Фәнилік драма» деген жинақтары жайында кітапхана қызеткерлері сыр шертті.

   Еске алу кешіне жазушы, драматург, публицист Елен Әлімжан, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, қоғам қайраткері, Жамбыл облысының құрметті азаматы Амангельды Карентаев, облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов, ақын, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер Қайырбек Асанов, М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университетінің филология және журналистика факультетінің аға оқытушысы, журналист Бақытжан Мақашев, облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Үміт Битенова, ақпарат саласының майталманы, қаламы жүйрік журналист, облыстық «AQJOL» газетінің бас редакторы, Оралхан Дәуіт Қазақстан Жазушылар Одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры, «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі, ақын, журналист Хамит Есаман қатысты.

   Кештің ашылу салтанатында Елен Әлімжан сөз сөйлеп, «Жазушымен бір күн» акциясының мақсатына тоқталып, игі іс-шаралардың жалғасы ретінде өтіп жатқан Арғынбай Бекбосынның еске алу кешіне жиналған қауымға жазушының қазақ әдебиетінің тереңге тамыр жайған мол қазынасына қайталанбас «Қыл көпір», «Мың түрлі ой», «Фәнилік драма», сынды туындыларды қосқан ерекше көзқарастағы жазушының тектілігі мен қабілеті жайында айтып өтті. Еске алу кешіне келген қаламдас әріптесті, шәкірттері, табиғат дарытқан білім мен сергектік, сезімталдыққа сүйеніп әдеби сеніміне серкеу түсірмеген жазушының кісілік келбеті мен шығармаларына тоқталды. Осылайша елімізге танымал қоғам қайраткері Арғынбай Бекбосынды еске алу кеші өз мәресіне жетті.

Яндекс.Метрика