Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері "Өлкелік туризм" жобасы аясында Тұрар Рысқұлов ауданына атбасын бұрды

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы бастаған бір топ әріптестер "Өлкелік туризм" жобасы аясында Тұрар Рысқұлов ауданына атбасын бұрып, ежелгі Ұлы Жібек Жолы, бүгінгі  "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" жолының бойындағы қасиетті "Дулат баба" кесенесіне арнайы тоқтап баба рухына тағзым етті.

   Бәйдібек ата мен Домалақ ананың немересі, Жарғышақ (Тілеуберді) мен Бибіпәтима ананың ұлы Дулаттың киелі Құланда жерленгендігі жайлы 2000 жылдан бері аңыз болып  жеткен деректер ғылыми тұрғыдан сәйкестік тауып, «Дулат баба» қоғамдық қоры жұмыс атқарып, 2015 жылы Мәскеудегі археология, антропология ғылыми зерттеу институттары берген экспертиза қорытындыларының нәтижесінде зерттелген сүйектің Дулат баба өмір сүрген уақытқа сәйкес келетіні дәлелденді. Мәйіттің сүйегі ХІІІ-ХІV ғасырда өмір сүріп өткен орта жастан жоғары ер адамға тән екені анықталған.Осы жылдың сәуір айында «Дулат баба» қоғамдық корының ұйғаруымен баба сүйегін  «Қарабастау» атты мекенге қазық қаққан.  Бұл Құлан  ауылының  Солтүстік-Батыс жазығындағы  «Батыс-Қытай, Батыс-Еуропа»  күре жолы өтетін тұс. Дәлірек айтқанда  аудан орталығы  Құлан ауылынан бір шақырым жерде орналасқан.

 Байзақ ауданының Тұрар Рысқұлов ауданындағы күндері барысында аудан орталығы Құлан ауылының солтүстік-шығыс шетінде орналасқан, ерте ортағасырларда Ұлы Жібек жолының cолтүстік бағыты Қазақстан арқылы өткен тармақтарының бойында сәулеті мен дәулеті келіскен маңызы ерекше ескерткіштердің бірі –ортағасырлық "Құлан қалашығында" болып, қалашық құрылысымен танысты.

   "Құлан қалашығы" 2014 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мәдени мұралар тізіміне және 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енгізілген.

   Жергілікті ақын-жазушылар мен өнер майталмандарының шығармашылығын өңір тұрғындарына паш ету мақсатында шежіреге тұнып тұрған киелі құт мекен, Құлан өңірінің мәдениет үйінің сахнасында Байзақ ауданының құрметті азаматы, ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатырдың шығармашылығына арналған "Ән мен жырын тең өрген" атты әдеби қонақжай кеші өтті.

   Кеш барысында туған елге өзінің ән-жырын арнаумен көпке танылып, бүгінде үш кітаптың авторы атанған Қасырбай Нарбатырдың өлеңдерін Байзақ аудандық кітапханасының қызметкерлері мәнеріне келтіре оқыса, бүгінде көпке танылып, шырқалып жүрген ақын әндерін белгілі өнер иелері шырқады. Сондай-ақ, көрермендер тарапынан сауалдар қойылып, татымды жауаптар да берілді. Кеш соңында ақын, өз өлеңдерінен Құлан жұртшылығына шашу шашты.

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика