Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Еліміздің бостандығын аңсаған қайраткер»

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Еліміздің бостандығын аңсаған қайраткер» атты дара жол кеші өтті.
    Кеш барысында М.Х.Дулати атындағы филология және журналистика факультетінің аға оқытушысы, әдебиеттанушы Мақашев Бақытжан, Тараз қаласы Өмірбек Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-зерттеуші Даулетова Лаура Бахтиярқызы, ҚР Ұлттық ұланы 5513 әскери бөлімінің кітапхана бастығы сержант Джалишова Ақнұр Темірханқызы, Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді оқыту басқармасы, "Тілдерді оқыту орталығының" аға-әдіскері Маханова Перизат Атабекқызы қатысып, қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы және қоғам қайраткері, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы және Алаш-Орда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми еңбектерін, әсіресе тіл саласында ендірген жаңалықтарын, ел тағдырының келешегіне алаңдаған ақын көп қырлы ісімен, даналық саясатымен қазақ жастарының көсемін оқырманға ой саларлық тарихи-танымдық дүниелерге, халық үшін істеген игі істерінің ішіндегі ең шоқтығы биік қызметінің бірі-араб жазуына өзгерістер енгізіп қазақ әліпбиін құрастыруына басымдық бергені жайлы кеңінен насихатталды.

Яндекс.Метрика