Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен, Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен жалпы республика көлемінде бір мезгілде «KitapTime-2022» кітап фестивалі өтті.
«ЖАЗУШЫМЕН БІР КҮН» облыстық желілік акциясы аясында оқырмандардың кітап пен оқуға деген қызығушылықтарын қолдау, қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыру мақсатында "Кітап - рухани әлем" атты автограф тайм атты кеш барысында Қазақстан Жазушылар мен Журналистика одағының мүшесі, журналистика мен ақындықты қатар алып жүрген қаламгер, сатира саңлағы, журналист Бақытжан Советұлының "Қоянның құлағы неге ұзын, құйрығы неге қысқа?" атты кітабының тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Қазақстан жазушылар мен журналистер одақтарының мүшесі, жазушы, драматург, публицист Елен Әлімжан, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі» белгісі мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, бірнеше республикалық, облыстық ақындар айтысының жүлдегері, ақын Шырын Мамасерікова, Әлем халықтары жазушылары Одағының мүшесі, жазушы, журналист, Шу ауданының Құрметті азаматы, Жамбыл облысының Ардагері Сарсенбай Қалиұлы, ақын, журналист, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ғайни Әлімбекқызы, бірқатар республикалық, облыстық жыр мүшәйраларының жүлдегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, бірнеше кітаптардың авторы, ақын, журналист Баймаханбет Ахмет, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, фантаст қаламгер, танымал ақын Байтанағали Төлентаев, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, сатирик жазушы, белгілі журналист, журналист Әлімқұлов Бақытжан, Қазақстан Жазушылар Одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры, облыстық «AQJOL» газетінің бас редакторы, ақын, журналист Хамит Есаман қатысып, кітапхананың алтын қорына жергілікті ақын- жазушылар кітапхананың болашақ оқырмандарына арнаған тілектері мен автографтары қойылған өз авторлық туындыларын сыйға тартты. Сонымен қатар ҚР Мәдениет және спорт министрілігі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Нұрғалиева Ғазиза Құдайбергенқызымен тікелей зум платформасы арқылы байланысқа шықты.