Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Табысты кітапхана – табысты кітапханашы» облыстық тренд-сессиясы

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан №833 қаулысымен «24 қазан - Кітапханашылар күні» болып белгіленді. Осы орайда Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Табысты кітапхана – табысты кітапханашы» облыстық тренд-сессиясы аудандық орталық кітапханалардың ZOOM платформасы арқылы қатысуымен, офлайн және онлайн форматта тікелей эфирде өткізілді.

Сессияға «Қазақстандық Кітапханалық Одақ» заңды тұлғалар бірлестігінің бастамасымен дайындалған, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақстаннның көрнекті кітапханашылары» қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген анықтамалыққа 1991-2021 жылдар аралағында Қазақстан Республикасында кітапхана ісінің қалыптасуы мен дамуы жылдарында елеулі үлес қосқан кәсіби мамандар енгізілген қонақтар шақырылды.

Іс-шара барысында кітапхана директоры Эльмира Елеусізқызы аталған кітапқа енгізілген кітапхана ісінің майталмандарымен таныстырып, еңбек жолындағы жетістіктеріне тоқталып, келген қонақтарға жаңа басылымды ресми түрде тарту етті. Сондай-ақ кеш соңында облыс және аудандық кітапханалардың қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген, ең қажет, абыройлы, мәртебелі мамандық иелерін, алда келе жатқан мерекемен құттықтап, "Алғыс хатпен" марапаттады. Сонымен қатар, бүгінгі іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар кітапханада еңбек етіп жүрген кітапханашы әріптестерге игі қызметінің сан қилы әдістерін меңгеріп, кәсіби шеберліктерін одан әрі шыңдап, білімді де білікті маман ретінде оқырман көңілінен шығып, олардың талаптарын қанағаттандыру бағытында еңбектеріне толағай табыс тіледі.

Яндекс.Метрика