Кітапхананың ұйымдастыруымен 15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққан күніне орай «Ауған ақиқаты – ерлікке тағзым» атты ардагерлермен сұхбаттасу кеші өтті.
Іс-шараға ауған соғысының ардагерлері Арзикулов Тургунпулат Серікбайұлы, Ботантаев Доғдырған Байжанұлы, Ахатаев Сейлбек Есбергенұлы қатысып, ауған соғысы тарихтың ең қаралы парақтарының бірі екенін, Отан алдындағы борышын адал атқарған жастардың үлкен саяси ойынның құрбандығына шалынғанын, жат елде жан тапсырып, мыңдаған қандастарымыз ұрыс даласынан жарақатпен оралғанын айтып, белгісіз соғыста 900-ден астам қазақстандықтардың қаза болғанын жеткізді. Іс-шараға ҚР Ұлттық Ұлан 5513 әскери бөлімінің қатардағы жауынгерлері қатысып, патриоттық әндер шырқалып, сұрақтар қойылды.
Ардагерлеріміз жастарға бейбіт күннің қадірін біліп, ұлттық намыс пен патриотизмді сақтау керектігін, ауған соғысы отансүйгіштікке баулитын бірден-бір өмір мектебі болғанына, өткен күн, оқ пен оттың ортасы, мәңгілік жан жарасына айналғанына тоқталды.