Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Айтыс - киелі өнер, ғасырлар жемісі, ұлттық құндылық

   Осы орайда кітапхана қызметкерлері Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы директорының орынбасары, ҚР Мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын Ахметжан Өзбековпен бірлесіп, өңір тұрғындары арасында айтыс өнерін насихаттау, осы айтыс өнері жолында жүрген суырып салма ақындардың шығармашылықтарын таныту, жастардың эстетикалық талғамын жоғарлату мақсатында «Айтыс дәстүрі: өткені, бүгіні мен келешегі» акциясын жүзеге асыруды бастап кетті.

   Акцияның алғашқы іс-шарасы айтыскер ақын, облыстық және республикалық ақындар айтысының бірнеше дүркін  жүлдегері, журналист, облыстық «AQ JOL» газетінің  аға  тілшісі Есет Досалының шығармашылығына арналып, «Өлең болып өмір сүремін...» атты  кездесу кеші  өтті.

   Аталмыш кешке Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР мәдениет қайраткері, Тараз қаласының Құрметті азаматы, балалар жазушысы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, ақын, жазушы, журналист Баймаханбет Ахмет, ақын, журналист, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Жазушылар Одағының мүшесі Ғайни Әлімбекқызы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық «AQ JOL» газетінің бөлім редакторы Амангелді Әбіл мен  "АR-AI" газетінің бас редакторы Тұрсынбек Сұлтанбек және тілшісі Марат Құлибаев, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын, сазгер Үміт Битенова, айтыскер ақын Ербол Қамбатыр, ақынның сыныптастары мен шәкірттері қатысты.

   Кеш шымылдығын ақынның әкесі Жаңабай Досалиев құттықтау сөзбен ашып, ақ батасын беріп, айтыскер ақын Дидар Апбасов пен ақынның шәкірттері тәлімгеріне арналған «Арнауларын» орындады. Іс-шара барысында айтыскер ақын сиясы кеппеген «Шалқыма», «Көктөбе», «Әкеме», «Анашым асылым» өлеңдерін оқыды.  Сонымен қатар, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Жазушылар Одағының мүшесі Ғайни Әлімбекқызы арнауын оқып, шәкірттері суырып салма ақындық өнерлерін ортаға салды. 

   Кеш соңында кейіпкердің әріптесі әрі ұстазы, кезінде «AQJOL» газетінің басшысы болған Көсемәлі Сәттібайұлы қарамағында біраз жылдар бойы жұмыс жасаған Есет Досалының қызметтегі естеліктерімен бөлісті.

Яндекс.Метрика