Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Әйел деген әдемі ғой әдемі...

        8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында бүгін кітапханада жергілікті ақын қыздардың қатысуымен «Әйел деген әдемі ғой, әдемі...» тақырыбында  әдеби әуенді кеш өтті.

     Сырласу кешіне арналған іс-шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «ҚР халық ағарту ісінің үздігі» белгісі мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, бірнеше республикалық, облыстық ақындар айтысының жүлдегері, ақын Шырын Мамасерікова, Тәуелсіздік алған күннен бүгінге дейінгі Егемен Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан қайраткер тұлғалардың ғұмырнамалық «100 қайраткер әйел» анықтамалық-энциклопедияға енген  аяулы ана, журналист, ҚР журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ғайни Әлімбекқызы, Қазақстан Жазушылар Одағының   мүшесі, ҚР білім беру ісі мен Мәдениет саласының үздігі, Талас ауданының Құрметті азаматы, ақын, сан қырлы талант Үміт Битенова, Х-шы Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты, дарынды ақын Жұлдыз Бейсек  қатысты.

  Кешіміздің конақтары көктемнің алғашқы мерекесі Ананың аялы алақанындай жүректерге жылулық ұялататындығы, адамзаттың нәзік жандарына арналған мереке табиғаттың оянуымен бірге келетіндігі, Ана - тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы екендігін айн қыз-келіешектерге арналған әдемі тілектерін жеткізіп, өздерінің қаламынан туған жыр шумақтарын арнады, Ананың тапқырлығы, даналығы, парасаттылығы, өнегесі, тәрбиесі жайында көптеген әңгіме қозғап, өз пікірлерін ортаға салды.

   Ал, кітапхана қызметкерлері қонақ ақындарының қаламынан туған кеш тақырыбы аясындағы жыр шумақтарын оқып, әсерлі әндерін шырқап, көпшілікке керемет көңіл-күй сыйлады.

Яндекс.Метрика