Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

"Наурыз – думан, Наурыз -ән" этно думан кеші

   22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында "Наурыз – думан, Наурыз -ән" этно думан кеші өтті. Баршамызға белгілі Наурыз мейрамы көрісу күнінен бастау алса, наурыз тойының онкүндігі аясында тойланатын 17 наурыз - тарихқа тағзым ету күні  болып белгіленген күн.  Бұл күні халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі болып саналып, дәстүріміз ұлықталып, ауызбіршілігіміз артып, жүректерге мейірім ұялатар мереке. Наурыз - бұл тек көктемгі жаңару ғана емес, сонымен қатар өз халқының тарихын еске алуға мүмкіндік береді. Бұл күні жас ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру және Отан тарихын терең білу арқылы өз елімен жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ұлттық, тарихи , өлкетану, өнер дәріптеуді мақсат етеді.

    Кеш барысында кітапхана зейнеткерлері мен ардагерлері - Алишева Майра,   Әлішева Периза Әбітайқызы, арнайы кітапханамыздың қонағы болды.  М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік университетінің «Гуманитарлық әлеуметтік ғылымдар» факультетінің 2 курс студенттері қатысып жыршы жігіттердің орындауында орындауында «Балбырауын» күйі тартылып, жастардың сауықтары «Беташар» салтынан театрландырылған көрініс қойылды. Қыздардың орындауында " Рахмет саған туған ел ","Балапан қаз" әні шырқалды. Кітапхана қызметкерлері  Абдраймова Алтынай,  орындауында  "Наурыз",  "Желдірме", әндері шашу болып шашылды.  Кеш соңында келген қонақтарға наурыз көже таратылып, кітапхананың ардагер оқырманы батасын берді.

Яндекс.Метрика