Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Қаратаудың қара нары» кездесу кеші

    Кітапхана Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығы директорының орынбасары, ҚР Мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын Ахметжан Өзбековпен бірлесе, өңір тұрғындары арасында айтыс өнерін насихаттау, осы айтыс өнері жолында жүрген суырып салма ақындардың шығармашылықтарын таныту, жастардың эстетикалық талғамын жоғарлату мақсатында ағымдағы жылы жүзеге асырыла бастаған  «Айтыс дәстүрі: өткені, бүгіні мен келешегі» атты акция аясында «Қаратаудың қара нары» кездесу кешін ұйымдастырды.

    Кеш қонағы - Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, республика және облыстық айтыстарының жүлдегері,  Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығының ғылыми қызметкері, айтыскер-ақын Ербол Қамбатыров.

    Іс-шараны Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығы директорының орынбасары, ҚР Мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын Ахметжан Өзбеков жүргізді.

    Керемет көңіл-күй мен жылы, ықыласты лебіздерге, ән-күйге толы кешке арнайы шақырылған ақынның жары, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын-сазгер Үміт Битенова, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлы, Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығына қарайтын «Керуен сарайы» тарихи нысанының әкімшісі, Қазақстан композиторлары Одағының мүшесі, Жаңабаевтар отбасылық халық ансамблінің жетекшісі Нұржан Жаңабаев, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Тараз» триосы әншілері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылхан  Шүңіреков пен «Ерен еңбегі» медалінің иегері Ержан Ыдырысов, «Асқақ рух, Еркін ел» қоғамдық бірлестігінің  төрағасы, ҚазВерм комитетінің Жамбыл облысы бойынша төрағасы  Берік Қалиев, өзі құрылысшы болса, бойына ақындық, әншілік, асабалық өнер қонған қоғам белсендісі, ауылдық билер алқасының төрағасы Бегалы Сқақов, «AulieataMedia» ЖШС-нің бас директоры, ақпарат саласының майталманы, журналист  Оралхан Дәуіт, айтыскер-ақын Алик Бекмұсаев, Шерхан Мұртаза атындағы Баспасөз үйі басшысының  орынбасары Ринат Нұрақбаев, айтыскер ақын, журналист, облыстық «AQ JOL» газетінің  аға  тілшісі Есет Досалы, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Мадина Сағымбекова қатысты.

Яндекс.Метрика