Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Өлмейтін ерлігіңді дәріптейміз, өнегелі өміріңе еліктейміз!» патриоттар кеші

    Кітапхананың ұйымдастыруымен 9 мамыр -  Жеңіс күніне орай «Өлмейтін ерлігіңді дәріптейміз, өнегелі өміріңе еліктейміз!» патриоттар кеші өтті. Кеш «Қаламгердің шоқтығы биік шығармалары» тақырыбында Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қаламгер, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған жазушы  Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесінен басталды. Көрмеге жазушы Кемел Тоқаевтың 5 томдық және 2 томдық шығармалары жинағы қойылды.  Тұңғыш әңгімелер жинағы 1954 жылы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан «Жұлдызды жорық» деген атаумен жарық көрді. Жазушының «Түнде атылған оқ», «Қастандық», «Арнаулы тапсырма» тағы басқа шығармалары бар. Жазушы қазақ қаламгерлері арасынан бірінші болып, детектив жанрында қалам сілтеді. «Соңғы соққы», «Солдат алысқа кетті» романдары әдебиетіміздің алтын қорына енгені туралы айтылды.    Көрмеге зиялы қауым өкілдері,  Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті мен қалалық ішкі істер басқармасы, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің  қызметкерлері, кітапхана оқырмандары қатысты.

Яндекс.Метрика