Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Қарлығаш көңіл қаламгер» шежіреші сағаты

         Кітапханада есімі көпшілікке жақсы таныс қаламгер, балалар жазушысы Пернебай Дүйсенбиннің шығармашылығына арналған  «Қарлығаш көңіл қаламгер» шежіреші сағаты ұйымдастырылды.

     Іс-шараға  жазушылар Елен Әлімжан мен Көсемәлі Сәттібайұлы, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасы Еркінбек Солтыбаев, жазушының жерлесі Ақділдә Диханбай, ардагер журналист Амангелді Әбіл, ақын қыздар Ғайни Әлімбекқызы мен Үміт Битенова, ақын Бақытжан Советұлы, әдебиеттанушы Бақытжан Мақашев, «Әулиеатамедиа» ЖШС бас директоры Оралхан Дәуіт, облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы Хамит Есаман,  облыстық «Арай» газетінің бас редакторы Тұрсынбек Сұлтанбековтер қатысты.

     Кеш қонақтары қызығы мен қиындығы мол қаламгерлік жолда алыстағы ауылдан арман қуып Астанаға барып, көп студенттің бірі емес бірегейі ретінде көрініп, сол кездегі буыны беки бастаған қара шаңырақтың журналистика факультетіне ілігіп, қаламын ұштап, «Лениншіл жас» газетіндегі (қазіргі «Жас Алаш») эстетикалық «Аққу» клубында белсенді мүше ретінде өнер турасында үлкен салмақты мақалалар жариялап, 70-жылдардағы оқырманға зор тыныс әкелген мақалалардың авторы, балалар әлеміне сапар шегіп,  бір төбе шымыр шығармалар да дүниеге алып келген қаламгер Пернебай Дүйсенбинмен сыр шертіп, жазушының шығармалары туралы қызықты әңгіме өрбіді.

 
Яндекс.Метрика