Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Поэзия әлемінің әуезді Абдрахманы» еске алу кеші

   Кітапхананың ұйымдастыруымен «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» жобасының «Сиясы кеппеген кітап» бағыты аясында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Абдрахман Асылбектің 85 жылдық мерейтойына орай «Поэзия әлемінің әуезді Абдрахманы» еске алу кеші мен ақын  шығармаларының  10 томдық жинағы және орыс жазушысы И.Крыловтың мысалдары аудармаларының тұсаукесер рәсімі өтті.

   500-ден астам ән авторы, оның есімі қалың оқырман мен әнсүйер қауымға кеңінен таныс ақынның шығармашылығын оқырмандарға насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шара барысында Абдрахман Асылбектің шығармаларының  сиясы кеппеген 10 томдық жинағының  тұсаукесері өтіп, кітапхана қорына ақын мұрагерлерінің тарапынан тарту етіліп, сонымен қатар және орыс жазушысы И.Крыловтың мысалдары аудармалары да көпшілік қауымға таныстырылды.

    Иван Крылов мысалдарының мазмұнын жоғалтпай, өлең құрылымын сақтай отырып, аударған ақынның сатиралық шығармаларының өзі бір төбе екенін зиялы қауым өкілдері, жазушы Елен Әлімжан, ардагер журналист Болат Жаппарұлы және басқалары атап өтті.

    Қонақтар ақының сонау 1955 жылы «Бейбітшілік бақшасы», «Жауды аяған жаралы» сияқты тырнақалды туындылары басылса, балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы «Жапырақтар» деген атпен жарық көргенін әңгімеге тарту етті.

   Сонымен қатар, ақынның көзін көрген замандастары мен әріптес шәкірттері Абдрахман Асылбек баламен балаша тілдесіп, жүрегі үндесіп жыр жазған ақынның 30 дан астам кітаптарының 18-і осы бүлдіршіндерге арналғанына тоқталып өтіп, балалар әдебиетінің негізгі міндеті отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу екендігін тілге тиек етті және ақынның жары Фатима Бақтайқызы, қарындасы Пернайым Сағынбекқызы және бауыры Асылбек Әбдімәжітке өздерінің жылы лебіздерін жеткізді.

Яндекс.Метрика