Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Әйел бейнесі – қоғам бейнесі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

   Баршаңызга белгілі «Гендерлік зорлық- қарсы белсенділіктің 16 күні» атты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес науқаны 25 қарашадан бастау алып 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Әр жыл сайын жүргізілетін дәл осы науқанды 1991 жылы бірінші жаһандық әйелдер көшбасшылығы институтының белсенділері құрған болатын. Осыған орай кітапхананың ұйымдастырумен «Әйел бейнесі – қоғам бейнесі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

   Аталған іс шараға ардагер ұстаз, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жанар Рысбекқызы, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясына қарасты «Jambyl» облыстық телеарнасының директоры Гүлбаршын Қайратқызы, ҚР Кәсіподақтар Федерациясы «Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Бахтияр Сайлаубекұлы, «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Эльмира Ермекбайқызы, Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы, Ішкі және Сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Гүлсара Рахымжанқызы, «Анаға тағзым» орталығының директоры Эльмира Иниятқызы, облыстық «Ақ жол» газетінің жауапты хатшысы мен  әлеумет бөлімінің меңгерушісі Маржан Кәрімжанқызы, Гүлжан Оралбайкызы, «Садыхан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі профилактикалық бөлімнің басшысы Мария Хожанқызы қатысып, еліміздегі әйел затына қарсы жасалған қылмыстар соңғы кезде жантүршігерлік сипат алуы және ең сорақысы қоғамның бір бөлігі осындай зомбылыққа еті үйреніп, тұрмыстық әдетке ысыра салуға бейім екендігіне тоқталды. Сондай - ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Ұлы даланың қыздары халқымыздың мәдени дәстүрлері мен рухани-адамгершілік құндылықтарының сенімді сақтаушылары болды. Сондықтан прогресс пен жасампаздық жолында тұрақты түрде алға жылжып, біз әйелдердің құқықтарын шектейтін менталитетімізге жат тенденцияларға берілмеуіміз керек», - деген әйел-ана мәртебесіне қатысты ұстанымдарын дөңгелек үстелге катысушыларға жеткізе отырып, өз пікірлерін білдірді. Әр заманда қазақ қоғамында әйел затының жағдайы аянышты, көп жерде құқықтары аяқ асты болып тапталып келгенін біздер М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал», С.Көбеевтың «Қалың мал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу», Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні», Ж.Аймауытовтың «Ақ білек» сынды отандық әдебиетіміздің қайнар бұлағы саналатын осы өміршең шығармалардан-ақ аңғаратынымызды тілге тиек етті. Осы сынды қоғамда кең етек алып жатқан мәселерді көтеріп, бұндай жәйттардың кең етек алуына жол бермеу шараларын өзара талқыға сала отырып, болашақ жастарға тәлім мен тәрбиені дұрыс беру қажеттігін айтып өтті.

 

Яндекс.Метрика