Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Қош бол, Гүлсары!» тақырыбында бестселлер-шоу

 Кітапхананың ұйымдастыруымен Тараз политехникалық колледжінде жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері. Қырғызстанның халық жазушысы, Қырғызстан Ғылым Академиясының, Еуропа Ғылым Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына орай «Қош бол, Гүлсары!» тақырыбында бестселлер-шоу өтті.

  Іс-шарада кітапхана қызметкерлері жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталса, колледж студенттері қаламгер туралы ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, жазушының шығармалары дүниежүзінің 128 елінде 176 тілге аударылғаны туралы деректер айтылды. Жазушының жүйрік жылқының тағдыры арқылы қоғамдық-әлеуметтік болмысты тереңнен тануға арналған «Қош бол, Гүлсары!»  шығармасын қазақ тіліне аударған халық жазушысы  Шерхан Мұртаза екендігіндігін тілге тиек етті.

  Сонымен қатар іс-шара соңында жазушының «Қош бол, Гүлсары», «Манас», «Жәмила», «Ерте келген тырналар», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Когда падают горы», «Боранды бекет», «Жан пида» кітаптарына библиографиялық шолу жасалды.

Яндекс.Метрика