Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында облыс әкімі Қарашөкеев Ербол Шырақпайұлы зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында өңір қаламгерлерінің еңбектерін, прозалық шығармалары мен жыр жинақтарын облыс жұртшылығына таныстыру, жастарды кітап оқуға баулу, оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Абай» баспасынан жарық көрген 24 жергілікті автор кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті. Қазақстан және Ресей Жазушылар Одақтарының мүшесі, елімізге танымал «Абай» баспасының директоры Ақберен Елгезек тұсаукесер рәсіміне қатысты.