Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпаратқа жауапты маманы Тубаева Жансая Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Ақпарат таратудың тиімді тәсілдері» тақырыбында өткен семинар-тренингке қатысты.
Семинар барысында «Ақпарат таратудағы жаңа технологиялар: SMM және мобилография әліппесі», «Ақпараттық Қазақстан: жаңа медианың дамуы» тақырыптарында спикерлер толыққанды ақпарат беріп, егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Жиын соңында тренингке қатысқан әрбір қызметкерге сертификат табыстады.