Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Ән-жырым менің - тағдырым» жыр кеші

   Кітапханада «Ел болып оқимыз» облыстық жобасы аясында Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, Еңбек даңқы орденінің игегері, Байзақ ауданының Құрметті азаматы, ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатырдың шығармашылығын насихаттау айлығының ресми ашылуы ретінде «Ән-жырым менің - тағдырым» жыр кеші ұйымдастырылды.

   Туған жерден жырақтамай-ақ әдебиет әлемінде өзіне тән соқпақ салған дарын иесі, ақындық пен сазгерлік қатар дамып, үйлесім тапқан Қасқырбай Нарбатыр өмірлік және шығармашылық жолдары туралы іс-шараға қатысқан жергілікті зиялы қауым өкілдері мен жазушының қаламдас әріптестері ақынның өлеңге құштар көңіліне тоқталып, кемелдікке толы өлеңдері жайлы сыр шертті.

   Жыр кеші К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония әншісі Әділет Әбдікерімов, Әл-Фараби атындағы Байзақ аудандық мәдениет үйінің әншілері Әлмахан Исабаев пен Марал Жамбаеваның орындауындағы Қасқырбай Нарбатырдың «Мақтанышым Отаным», «Налыма сен», «Бәрі өтпелі», «Жастық тангосы» әндерімен көмкерілді.

   Кешті Қасқырбай Нарбатыр ақын Нарша Қашағанұлының сөзіне жазылған өзінің «Бақыттымыз бәрібір» әнімен түйіндеді.

 

 

Яндекс.Метрика