Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Батырдың даңқы өшпейді» еске алу кеші

      Бүгін Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Данқ залында» Екінші Дүниежүзілік соғысының батыры, Жауынгерлік Даңқ орденінің толық иегері  Тастандиев Тайыр Бүркітбайұлының туғанына 100 жыл толуына орай «Батырдың даңқы өшпейді» еске алу кеші өтті.

      Еске алу кешіне М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің тарих факультетінің 3 курс білімгерлері қатысты. Кітапханашылар оқырмандарға батырдың соғыс кезіндегі ерліктері, тұлғалық сипаты, ел жадында есте қалған тұлға екенін жеткізіп, талай жаудың бетін қайтарып, Жеңіс күнін жақындатуға бір кісідей атсалысқан батыр жайлы ақпараттар берді.

     Соңында оқырмандар тарихтың талай құпиясы бейнеленген «Даңқ залына» экскурсия жасап, құнды жәдігерлерімен танысты.

Яндекс.Метрика